Accessibility links

Қорғаныс министрлігіндегі тазартулар жалғасып жатыр


Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі тексеру барысында қызмет бабын асыра пайдалану мен бюджет қаржысын жымқырудың жаңа деректері әшкере болды.

Әскери прокуратураның баспасөз қызметі Қорғаныс министрлігінің «Казинформтелеком» АҚ және басқа да фирмалардан алған әскери автоматтандырылған басқару жүйесі жарамсыз болып табылғанын, бұдан мемлекетке келген залал миллиард теңгеден асатынын хабарлады.

Қазір Астана экономикалық соты Бас прокуратураның келтірілген залалады өндіріп алу туралы талап арызын қарауда. Тексеру материалдары шешім қабылдау үшін қаржы полициясы органдарына жолданды.

Қоғамдық резонанс туғызған жемқорлық жанжалдарына Қорғаныс министрінің орынбасары, Аэромобилді әскер қолбасшысының орынбасары сияқты Қарулы күштердің лауазымды тұлғаларының қатыстылығы анықталды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қорғаныс министрінің орынбасары Қ.Маерманов Қазақстанға Израиль әскери кәсіпорынының мүддесін көздеп келген Борис Шейнкманның ісі бойынша ұсталып, Израилмен арада 2006 жылы жасалған қару-жарақ келісіміне қатысты заң бұзушылықтарға байланысты қамауға алынды.

Бұдан сәл кейінірек Даниал Ахметов кенеттен қорғаныс министрі қызметінен босатылды.
XS
SM
MD
LG