Алматы әуежайынан 22 жолаушы Түркияға ұша алмай қалды, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. «Скат» әуе компаниясынан 1200 доллардан артық ақша төлеп билет алған оларға ұшақта орын жетпей қалғаны тіркелу кезінде белгілі болған. Жолынан қалған жолаушылардың айтуынша, олардың орнына тізімде жоқ адамдар мініп кеткен.
«Скат» әуе компаниясы Алматыдағы кеңсесінің директоры Сергей Колебаев: «Біз мұның бәрін тіркелу кезінде білдік. Мұндай жағдайлар кейде болып тұрады. Бірақ бұл жолы не себепті орын алғанын өзіміз де түсінбедік. Бәрі техникалық жағдайларға байланысты болған шығар. Қазір тексеру жүріп жатыр», — деді.
Бұдан бұрын Еурокомиссия «Эйр Астанадан» басқа Қазақстан әуе компанияларының ұшақтарына Еуродақ аумағынан ұшуға тиым салғанын хабарлағанбыз.