Accessibility links

Түркия қоғамдық орында шылым шеккендерден 3,7 мың долларға дейін айыппұл алмақ


Түркия осы аптаның соңында қоғамдық орындарда шылым шегуге тиым салады, — деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Реджеп Акдаг.

«19 шілде күні күшіне енуі тиіс бұл шешімнен бас тарту болмайтынын ашық мәлімдеймін. Бұл шешімнің қабылдануынан тек темекі өндірушілер мен таратушылар ғана зардап шегуі мүмкін, басқа ешкімге зияны тимейді», — деді ол.

Түркия парламенті 2008 жылдың қаңтар айында кафе, бар, ресторан, қоғамдық көлік пен ойын-сауық орталықтарында шылым шегу және темекі өнімдерін клип, киноларда көрсету мен жарнамалауға тиым салу туралы заң қабылдаған.

Бұл заңды бұзғандарға 3,7 мың долларға дейін айыппұл салынады. Ең қатаң шара тиымды бұзған орындардың иелеріне қатысты қолданылмақ.
XS
SM
MD
LG