Accessibility links

Кәрім Мәсімов блогына кірушілерден әдептірек болуды сұрайды


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов интернет ресурстарды БАҚ-қа теңестіретін заңның қабылдануына байланысты өзінің блогына кірушілерден әдептірек болуды сұрайды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойып бекіткен жаңа заңға сәйкес, бұдан былай дәстүрлі қағаз басылымдар және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар интернет-ресурстардың иелері де қылмыстық және азаматтық жауапқа тартылады.

Бұл құжат ақпараттық-коммуникациялық желілерде мәліметтерді таратуды реттеудің жаңа механизмдерін бекітуді ұсынды, бұған сәйкес, ұлттық заңнамаға қайшы келетін ақпараттарды таратуға жол берілмейді.

«Осыған байланысты өздеріңізді толғандырған сұрақтар мен мәселелерді дерекке сүйеніп, әдепті түрде жеткізулеріңізді сұраймын», — деді үкімет басшысы.
XS
SM
MD
LG