Accessibility links

Иран президенті Атом мекемесінің жаңа басшысын тағайындады


Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлағандай, президент Махмуд Ахмадинежад елдің Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне жаңа басшыны тағайындады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, БҰҰ-ның Халықаралық Атом Энергиясы жөніндегі агенттіктегі Иранның бұрынғы елшісі Али Акбар Салехи Иранның Атом энергиясы ұйымының жаңа басшысы болып тағайындалды.

Салехи осы қызметтен кеткен Голам Реза Ағазаденің орнына келді. Иранның вице-президенті әрі Атом энергиясы ұйымының басшысы болған Ағазаде бейсенбі күні бұл екі қызметінен де кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG