Accessibility links

Шешен президенті өзіне айтылған айыптауды жоққа шығарды


Бүгін Шешенстан президенті Рамзан Қадыров өзін ресейлік құқық қорғаушы белсенді Наталья Эстемированың өлімінің артында тұр деген айыптауларды жоққа шығарды.

Бейсенбі күні Мемориал құқық қорғау тобының жетекшісі Олег Орлов Эстемированың өліміне Қадыровты кінәлаған болатын.

Қадыров өзінің вебсайтында таратқан мәлімдемесінде, өзіне тағылған айыптауларды теріске шығару үшін Орловқа телефон соққанын айтқан. Рамзан Қадыров Орловқа “Cенің айыптауларың миға қонымсыз әрі тіл тигізу болды” деген.

Эстемированы сәрсенбі күні Грозныйда біреулер көлікке басып әкетіп, кейін оның мәйіті көрші Ингушетиядан табылған.
XS
SM
MD
LG