Accessibility links

Ресейдің екі кавказ аймағында қақтығыстар болды


Дағыстандағы Буйнак мешітінің имам орынбасары Ислам Межидовтың үйіне екі қарулы адам басып кіріп, оны өлтіруге әрекет еткен. Имам Межидов шабуылдаушыларға қарсылық көрсетіп, оның біреуі екіншісін абайсызда атып жіберген соң, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір шабуылдаушының екіншісін іздеп жатыр.

Сонымен қатар Ингушетияның Малгобек ауданында бір үйдің жанынан бомба табылып, қауіпсіздік күштері оны дер кезінде залалсыздандырса, Назран қаласындағы полиция қызметкерінің үйіне біреулер оқ шашқан. Шабуылдан ешкім зардап шекпеді.

Солтүстік Кавказ аймағындағы бүлікшілер белсенділігі Ресей үкіметі Шешенстандағы терроризммен күрес операцияларын аяқталды деп жариялаған соң күшейіп отыр.
XS
SM
MD
LG