Accessibility links

ЕуроОдақ жікшіл аймақтарға кіргізуді талап етті


Еуропа Одағы өз бақылаушыларын Грузияның екі жікшіл аймағына кіргізуді талап етті. Бұған дейін екі аймақ оларды елге кіргізуден бас тартқан.

Еуропа Одағына төрағалықты алған Швеция сыртқы істер министрі Карл Билдт Грузияға сапарында, ЕуроОдақ аймақтағы екі бірдей халықаралық бақылау миссиясы жабылған соң, Абхазия мен Оңтүстік Осетияға кіру мүмкіндігін талап етуін жалғастыра береді деді.

Еуропалық бақылаушылар бұл аймақта атысты болдырмау мақсатында жиі бақылаулар жүргізіп тұрған. Бірақ жікшіл аймақтың мәскеушіл биліктері бақылаушыларды кіргізуден бас тартқан.
XS
SM
MD
LG