Accessibility links

Әлемнің ең қарт адамы 113 жасар Генри Эллингем өмірден өтті


Бүгін әлемдегі жасы ең үлкен әрі Бірінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Генри Эллингем өмірден озды.

Ол 1916 жылы Ютландия аралындағы теңіз шайқасына қатысқан. Кейін 1918 жылы патшалық әуе күштерін құрғандардың бірі.
Өткен жылы Генри Эллингемнен ұзақ жасау құпиясын сұрағанда, ол шылым, виски және жас әйел деген екен.

Ресми түрде әлемнің ең қарт адамы деп танылған 113 жасар Генри Эллингемнен 17 жас үлкен әже қазақстандық болған еді. Қарағанды қаласының тұрғыны 130 жасар Сахан Досова осы жылдың мамырдың 8-де аяғы тайып құлап, мертіккен соң дүниеден өткен болатын.
XS
SM
MD
LG