Accessibility links

Қазақстан президенті Мәскеуде әзірбайжандық әріптесімен кездесті


Сенбі күні Мәскеуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әзірбайжандық әріптесі Илһам Әлиевпен кездесіп, президенттер екі ел ынтымақтастығының келешегін талқыланды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, тараптар екі мемлекеттің алдағы Каспий саммитіне қатысуы, сондай-ақ түркітілдес елдердің одан әрі өзара іс-қимылының жолдары мәселелерін талқылаған.

И. Әлиев Бакуде алда өтетін Каспий саммиті туралы айта келіп, әзірбайжандық тараптың бұл оқиғаға мықтап дайындалып жатқанын атап көрсетті.

Әзірбайжан президенті сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзірбайжанға 2005 жылғы сапары екі елдің мүдделерін жақындастыра түскен тағы бір фактор болғанын атап өтті.

Мемлекет басшылары ынтымақтастықты барынша арттыра түсуді жалғастыруға әзір екендіктерін білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG