Accessibility links

Мемориал Шешенстандағы жұмысын тоқтатты


Ресейдің адам құқын қорғайтын Мемориал тобы өзінің белгілі құқық қорғаушысы Наталья Эстемированың өлімінен кейін Шешенстандағы жұмысын уақытша тоқтатты.

Бұл туралы Мемориал өкілі Александр Черкасов хабарлап, Эстемированың өлімі Шешенстанда құқық қорғау саласында жұмыстар атқару қауіпті екенін көрсетті, біз өз әріптестеріміздің өмірін қауіпке тіге алмаймыз деді.

Жұма күнгі хабарларға қарағанда, Шешенстан президенті Эстемированың өлімінің артында Рамзан Қадыров тұр деп айтылған айыптарды жоққа шығарып, Мемориалды өзіне тіл тигізді деп сотқа беретінін айтқан.

Эстемированы Грозныйда біреулер көлікке күшпен басып әкетіп, кейінірек Ингушетиядан мәйіті табылған.
XS
SM
MD
LG