Accessibility links

Талибандар тұтқындағы американ сарбазының видеосын көрсетті


АҚШ әскерилері Ауғанстанда өткен айда жоғалып кеткен сарбаздың видео таспасын көрсеткені үшін талибандарды айыптады.
Американдық әскерилердің айтуынша, сарбаздарды насихаттау мақсатына пайдалану халықаралық заңға қайшы келеді.

Өткен айдың 30-да Ауғанстанның шығысында тәліптер қолына түскен американдық сарбаз өзінің тұтқындағы өмірін көрсеткен.

28 минуттық видеожазбада одан ағылшын тілінде сұхбат алынған, және ол соғыс туралы, ислам және американдық әскерлердің адамгершілігі жайында пікірлерін айтады.

АҚШ қорғаныс министрлігі тұтқындағы ол сарбаз шынымен жоғалған американдық әскер екенін растады.
XS
SM
MD
LG