Accessibility links

Клинтон Пәкістанды лаңкестерге қарсы әрекет етуге шақырды


Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Пәкістанның жүргізіп жатқан терроризммен күрес міндеттемесіне тоқталды.

Үндістан астанасының сыртында өткен баспасөз мәслихатында Хиллари Клинтон Исламабадты өткен жылғы Үндістанның Мумбай қаласында орын алған террорлық шабуылдарды жасағандарға қарсы әрекет етуге шақырды.

Пәкістанда орналасқан содырлар жасады делінген ол шабуылда кемінде 166 адам қаза тапқан. Үндістанға ресми сапармен сенбі күні жеткен АҚШ мемлекеттік хатшысы Үндістан жетекшілерімен дүйсенбі күні келіссөздер өткізеді деп жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG