Accessibility links

Адамзаттың Айға қонғанына 40 жыл


1969 жылы адамзат тарихында тұңғыш рет америкалық астронавт Нил Армстронг Ай бетіне аяқ басты. Армстронгтың алғашқы сөзі: «Бұл адам үшін үлкен қадам емес, бірақ адамзат үшін үлкен секіру» болды. «Аполлон 11» кеме экипажы Айда 21 сағат 36 минут бойы тұрды.

1957 жылы қазанның 4-де қазақ даласынан — бүгінгі Байқоңыр, сол кездегі Төретам жерінен алғашқы спутник ұшырылған еді. Бұл оқиғадан кейін дүние жүзінің елдері Айға бірінші болып қону үшін бәсекеге түсті. Спутник 92 күннің ішінде Жерді 1440 рет айналып шыққан.

Жерсеріктің сәтті сапары туралы алғашқы хабарды ТАСС ақпарат агенттігі мен «Правда» газеті жариялады. Бұл хабар бүкіл дүниежүзіне тарап, Американың беделді басылымдарының бірінші бетінен орын алды. АҚШ әкімшілігі Айға адам қондыру мақсатында ғарыштық ғылым мен технологияны жетілдіруге кірісті. Президент Джон Кеннедидің бұл арманы 12 жылдан кейін – 1969 жылы орындалды.
XS
SM
MD
LG