Accessibility links

Теһран ағылшын елшілігінің соңғы қызметкерін босатты


Иран елдегі соңғы президент сайлауынан кейін көтерілген наразылық ереуіліне үгіттеді деген күдікпен осыдан үш апта бұрын тұтқындалған ағылшын елшілігінің соңғы қызметкерін босатты. Теһрандағы ағылшын елшілігінің жетекші сарапшысы Хоссеин Рассамның адвокаты хабарлағандай, оны босатуға шамамен 100 мың доллар кепілдік ақша төленді.
Хоссеин Рассам – 12 маусымдағы президент сайлауынан кейін басталған наразылық толқынына қатысы бар деген күдікпен ұсталған ағылшын елшілігінің 9 қызметкерінің бірі болатын.
Ағылшын сыртқы істер министрі Дэвид Милибэнд Иран үкіметінің Рассамды босатуын қолдады. Бірақ оның негізсіз ұсталғанын атап өтті.
Ресми Лондон елшілік қызметкерлерінің наразылық ереуіліне шығуға түрткі болды деген Теһранның таққан айыбын теріске шығарды.
XS
SM
MD
LG