Accessibility links

Ауғанстан: Талибан АҚШ жауынгерін тұтқындады


Пентагон Ауғанстандағы соғыс базасынан 30 маусымда жоғалған АҚШ жауынгерінің тұтқынға түскенін растады. Одан бір күн бұрын Талибан қозғалысы Интернеттен ол жауынгердің тұтқында отырғаны бейнелеген сюжетті көрсеткен болатын. Пентагон ол жауынгердің Аляскада орналасқан жаяу әскер полкінде қызмет етіп келген 23 жастағы Боуи Бергдэйл (Bowe R. Bergdahl) екенін хабарлады.
Бергдэйлді кімнің тұтқынға алғаны белгісіз, бірақ Ауғанстандағы АҚШ әскерлерінің басшылығы оны тәліптердің қолға түсіргенін мәлімдеп, Интернеттен көрсетілген бейнесюжетті халықаралық ережені бұзу деп бағалады.
XS
SM
MD
LG