Accessibility links

Мәскеуде Қазақстан елшілігінің көлігі ұрланды


Мәскеуде Қазақстан елшілігінің Toyota Avensis көлігін белгісіз біреулер ұрлап әкетті, — деп хабарлайды РБК агенттігі. Бұл көлікті сенімхат бойынша елшіліктің бірінші хатшысы жүргізіп жүрген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл көлік Мәскеудің Чистопрудый бульвары №3 үйдің жанына қойылған. Келтірілген шығынның көлемі 620 мың рубль. Осы дерек бойынша Ресей Қылмыстық қодексі 158 бабының 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG