Accessibility links

Джо Байден Киев пен Тбилисиге сапарға аттанады


Бүгін АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байден Украина мен Грузияға сапарын бастайды.
Сапардың алдында Байденнің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі хабарлағандай, сапардың мақсаты – Вашингтон мен Киевтің және Тбилисидің арасындағы қарым-қатынасты нығайту болып отыр.
АҚШ-тың вице-президенті Ақ үйдің Грузия территориясының біртұтастығы принципін және екі елдегі демократиялық реформалардың жалғаса беруін қолдайтынын тағы да растауға тиіс.
Джо Байден Киев пен Тбилисиге президент Барак Обаманың Мәскеуге барған сапарынан 2 апта өткенде келмекші.
XS
SM
MD
LG