Дүйсенбіге қараған түні Тбилисиде жастардың «Қосылыңдар!» атты қозғалысының белсенділері оппозициялық партиялар мен қозғалыстардың мүшелерін тұтқындауға және, жастардың айтуынша, президент Михаил Саакашвилидің «авторитарлық билеу тәсіліне» қарсы парламент алдында наразылық ереуілін өткізді. Ол туралы Азаттық тілшісі хабарлады.
Бүгін грузин президенті парламентте сөз сөйлемекші, яғни оппозицияның талап етуімен өткізілетін саяси пікірталасқа қатысуға тиіс.
Алайда жастар қозғалыстарының мүшелері парламенттің барлық есігін бөгеп, президент Саакашвилиді айқай-шумен қарсы алмақшы. Бұл шара Саакашвили парламентке келетін дүйсенбі күні кешкісін өтетін тәрізді. Соған қарамастан жастар парламент алдында қалып, билік басындағы партиядан сайланған депутаттарын «масқара дәлізінен» өткізбекші.
Таяуда осындай шара полициямен арадағы қақтығысқа ұласып, оппозиция мүшелерін тұтқындаумен аяқталды. Оның ізінше парламент митингілер мен шерулер өткізу ережесін бұзғаны үшін жазаны қатаңдату туралы заң қабылдады.