Иранның бұрынғы президенті Мохаммад Хатами елдегі саяси дағдарысты тоқтату үшін қазіргі биліктің заңдылығы бойынша референдум өткізуге шақырады.
Саяси оппозиция 12 маусымда болып өткен президент сайлауының нәтижесі бұрмаланды деп есептеп, оның нәтижесін әлі де даулау үстінде.
Дүйсенбі күні Иранның вице-президенті Эсфандияр Рахим Машаи өзінің қызметтен бас тарқаны туралы хабарды теріске шығарып, оны үкіметтің жаулары таратқан қауесет деп сипаттады.
Өткен жексенбі күні Иранның ағылшын тіліндегі «Press TV» телеарнасы 17 шілде күні вице-президент болып тағайындалған Машаидің қызметтен кеткенін хабарлаған болатын. Машаи - өткен жылы «Иран – Израиль халқының» досы дегені үшін консерваторлардың, оның ішінде аятолла Әли Хаменеидің өткір сынына ұшырған еді.