Accessibility links

ЕО Бакуде оппозиция мүшелерінің тұтқындалуына қарсы


Еуропа Одағы Әзірбайжандағы оппозициялық 2 белсендінің тұтқындалуына қарсылығын білдірді.
ЕуроОдаққа төрағалық ететін Швецияның сыртқы істер министрі Карл Бильдт хабарлағандай, ол Бакуде Әзірбайжан президенті Ильһам Әлиевпен кездесуі кезінде оппозиция белсенділерінің тағдырларына алаңдайтын мәлімдеді.
Оппозицияның 2 жас мүшесі 8 шілде күні Бакуде «бұзықтық істеді» деген күдікпен қамауға алынды.
Адамның құқын қорғаушылар Интернетке өзіне қарсы өткір сын мақала жазғаны үшін билік оппозиция мүшелеріне нақақ айып тағып, олардан кегін алып отыр деп есептейді.
XS
SM
MD
LG