Accessibility links

АҚШ-та ұсталған қазақстандық студенттердің ісі бойынша сот тыңдауы өтеді


Бүгін АҚШ-та жалған ақша жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандық екі студенттің ісі бойынша сот тыңдауы өтеді, — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

АҚШ-қа жаздық Work and Travel бағдарламасымен барған 19 жастағы Әлібек Тайлақов пен 21 жастағы Александр Кустовский Массачусетс штатының Чатема қаласындағы өздері жалға алып отырған пәтерлерінде ұсталған, тінту кезінде олардан екі компьютер, принтер, бірнеше флэшка мен 700 –ден астам 20 және 100 долларлық жалған купюралар табылған.

АҚШ заңы бойынша оларға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG