Accessibility links

«Ар.Рух.Хақ» шағымы бойынша сот тыңдауы өтеді


Бүгін Бүгін «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының Алматы қалалық ІІД-не қарсы шағымы бойынша екінші сот тыңдауы өтеді. Қордың сотқа шағымдануына осы жылдың 14 және 21 сәуір күндері полицейлердің қор қызметкерлерін жұмыс орнында заңсыз ұстап әкетулері себеп болып отыр.

Полицейлер қор мүшелерін Тәуелсіздік монументі алдында заңсыз митинг өткізбек болғандары үшін ұстағандарын айтады, ал қор қызметкерлері болса өздерін кеңсе маңында ұстап әкеткенін, ол күні Қазақстанда ядролық банкті орналастыру жөнінде журналистермен кездесу өткізбек екендерін айтты.

Алғашқы отырыста ІІД өкілі айғақ ретінде бірлестік мүшесі Жанар Қасымбекованың пошта жәшігіндегі саусақ таңбасын ұсынды. Ал мұны қайдан алдыңыз деген сұраққа ІІД өкілі жауап беруден бас тартты.
XS
SM
MD
LG