Accessibility links

Kookmin Bank ЦентрКредит банкі капиталындағы үлесін көбейтуді жоспарлауда


Оңтүстік Кореяның Kookmin Bank холдингі Қазақстандағы активінің көптігі жөнінен ірі банктердің бірі ЦентрКредит банкі капиталындағы өзінің үлесін 30,5%-дан 51%-ға көбейтуді жоспарлауда, — деп хабарлайды Франс Пресс.

«Қазір біз ЦентрКредит банкімен екі жаққа да ыңғайлы бағалар туралы келіссөздер жүргізудеміз», — деді Kookmin Bank өкілі.

2008 жылдың желтоқсан айында ЦентрКредит банкінің стратегиялық серіктесі Kookmin Bank банктің жарғылық капиталын 140 миллион долларға жуық қаржымен қосымша инвестицияландырып, үлесін 23%-дан 30,5% -ға ұлғайтқан.
XS
SM
MD
LG