Accessibility links

БАҚ-ты қолдаған Болат Әбіловке сот айыппұл салды


Бүгін Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Азат партиясының басшысы Болат Әбіловке қатысты қозғалған әкімшілік іске байланысты сот отырысы өтті.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот төрешісі Нұржан Пақырдиновтың шешімі бойынша Б.Әбілов айыпты деп танылып, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Азат партиясының басшысы 24 маусым күні БАҚ-ты қолдап заңсыз митингі ұйымдастырды деп айыпталып отыр.

Айта кету керек, атылмыш жиынға қатысқан белсенді деп танылған 12 адамға хаттама келген. Олардың ішінде тәуелсіз басылымдардың бас редакторлары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен оппозиция өкілдері бар.

Шілденің 17-сінде осы 12 адамның алғашқысы, қоғамдық белсенді Ризада Жақыпбекке қатысты сот шешімі шыққан болатын. Оған да сот 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған болатын.
XS
SM
MD
LG