Accessibility links

Х. Солана Ауғанстанда келіссөздер өткізеді


ЕуроОдақтың сыртқы саясат бойынша басшысы Хавьер Солана президент Хамид Қарзаймен келіссөздер өткізу үшін Ауғанстанға барды.

Еуропа Одағының хабарламасында Солана сонымен қатар алдағы президенттік сайлауға түсетін Қарзайдың қарсыластарымен де кездеседі делінген.

Соланың сапары Ауғанстандағы батыстық күштер арасында шығын ұлғайып отырған тұста болып отыр.

Құрама Штаттар мен оның еуропалық одақтастары Ауғанстанда тамыздың 20-да өтетін президенттік сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша күштер орналастыру жағын қолға алып отыр.
XS
SM
MD
LG