Accessibility links

Гуантанамо түрмесін жабу кейінге қалуы мүмкін


АҚШ президенті Барак Обаманың Гуантанамо абақтысын жабуды тапсырған шаралар бойынша негізгі баяндама мерзімі сейсенбі күні аяқталды. Ресмилер терроризм күдіктілерін қамауда ұстайтын орынды жабу алты айға кейінге қалды деп хабарлады.

Сонымен қатар қамаудағы күдіктілерді тергеуді қайта жүргізу мерзімі де тағы екі айға кейінге шегерілді.

Обама Кубада орналасқан АҚШ базасының терроризм күдіктілерін ұстап отырған абақтысын 2010 жылдың қаңтарына дейін жабу жөнінде бұйрық берген. Дүйсенбі күні Обама әкімшілігі абақтыны жабуға берілген мерзім орындалу керек деді.
XS
SM
MD
LG