Accessibility links

Ресей Байқоңыр қаласына субсидия беретін болды


РФ премьер-министрі Владимир Путин Қазақстанның Байқоңыр қаласын федералдық бюджеттен субсидия берілетін субъектілердің тізіміне қосты. Бұл қаржы автокөлік және коммуникациялық техникалар сатып алуға бөлінген, — деп хабарлайды Ресей үкіметінің ресми сайты.

2009 жылғы аймақтарға 20 миллиард рубль көлемінде берілетін қаржыны бөлу мен жеткізуді растайтын наурыз айындағы қаулыға өзгертулер енгізген тиісті құжат Министрлер кабинетінің сайтында жарияланған.

Қаулыда аймақтардың субсидия алуға өтініштерін 15 -сәуірден қалдырмай өткізулері тиіс екені айтылған, ал Мәскеу, Санкт-Петербург пен Байқоңыр қалалары биылғы жылдың 1 -тамызына дейін өтініш білдіруі тиіс.
XS
SM
MD
LG