Accessibility links

Журналистер қауымы БАҚ-ты қолдап, сотты болғандар мәселесін сөз етпек


Бүгін «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева, «Тасжарған» газетінің бас оқырманы Ермұрат Бапи, «Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қорының президенті Розлана Таукина, «Азат» партиясы төрағасының орынбасары Маржан Аспандиярова және қоғамдық қорғаушы Ризада Жақыпбектер баспасөз мәслихатын өткізбек.

Баспасөз мәслихатының тақырыбы «Тәуелсіз БАҚ-ты қолдау акциясына қатысушыларды қуғындау туралы» болмақ.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 21-шілде күні Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Азат» партиясының басшысы Болат Әбіловті 24 -маусым күні БАҚ-ты қолдап заңсыз митинг ұйымдастырды деп айыптап, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

Шілденің 17-сінде қоғамдық белсенді Ризада Жақыпбекке де 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған болатын.
XS
SM
MD
LG