Accessibility links

Татьяна Квятковская: Мұхтар Жәкішев өзі ақталған жағдайда ғана мені сотқа бере алады


Парламенттің экс-депутаты, президенттік «Нұр Отан» партиясының мүшесі Татьяна Квятковская Мұхтар Жәкішев өзі ақталған жағдайда ғана менің үстімнен сотқа шағым жасай алады дейді, — деп хабарлады ҚазТАГ.

«Мені сотқа беру Мұхтар Жәкішевтің өз еркі. Бірақ ол өзінің ісі аяқталмай жатып, мені қалай сотқа бермек, осы жері маған түсініксіз. Тергеу бітіп, ақтауға үкім шығарылғаннан кейін сотқа бере берсін. Бас прокуратурадан менің деректерімнің расталғаны туралы жауап алдым, менің жұмысым бітті, әрі қарай менің бұған қатысым жоқ», — деді Татьяна Квятковская.

Бұдан бұрын Қазатомпромның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің: «Маған жала жапқан Татьяна Квятковскаяны сотқа бер деп Данияр Қанафинге хат жаздым», — деп «Время» газетіне сұхбат бергенін хабарлаған болатынбыз.
XS
SM
MD
LG