Accessibility links

Жәмила Жәкішева Вена мен Лондондағы баспасөз мәслихатын қорытындыламақ


Бүгін «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева мен Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис баспасөз мәслихатын өткізеді.

Бұл туралы Евгений Жовтис: «Мәселенің бәрі сұрақтардың қалай қойылып, әңгіменің қалай өрбитініне байланысты. Егер менен Австриядағы баспасөз мәслихаты жөнінде сұраса айтып берермін, әзірге не айтатынымды білмеймін. Мені Жәмила Жәкішева шақырды, негізгі мәселені ол өзі айтады, мен оған қосымша түсініктемелер беремін, егер менен сұрап жатса, кей мәселелерді толықтырып айтамын», — деді Азаттық тілшісіне.

Баспасөз мәслихатының тақырыбы «Вена және Лондон сапары қорытындысы бойынша Мұхтар Жәкішевтің ісіні қатысты құқық қорғау ұйымдарының ұстанымы» деп аталады.
XS
SM
MD
LG