Accessibility links

Ричард Холбрук Пәкістанда келіссөздер өткізуде


Құрама Штаттардың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі Ричард Холбрук Пәкістан жетекшілермен келіссөздер өткізуде.

Пәкістандық ресмилер көрші Ауған елінде АҚШ-тың жүргізіп жатқан операциялары алдағы уақытта Пәкістанды тұрақсыздандырады деген алаңдаушылықтарын білдірді.

Холбрук Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гиланимен кездесті, сондай-ақ президент Асиф Али Зардаримен, Армия басшысы Ашфақ Кайани және Пәкістанның барлау қызметінің басшысымен келіссөздер өткізбек.
XS
SM
MD
LG