Accessibility links

Саудия террормен күресте адам құқтарын бұзды деп айыпталды


Amnesty International адам құқын қорғаушы ұйымы Сауд Арабия елін терроризммен күресте жаппай адам құқын бұзуға жол беріп отыр деп айыптады.

Лондонда орналасқан құқық қорғаушы ұйымның бүгінгі жаңа есебінде, 2001 жылы Құрама Штаттарға болған террорлық шабуылдан кейін Саудия Арабия террорлық топтарға қатысы бар деген айыппен мыңдаған адамды қамауға алған делінді.

Амнестидің хабарына қарағанда, ол адамдардың арасында үкіметті сынағаны үшін нысанаға алынған ар-ождан тұтқындары да бар.

Amnesty International халықаралық қауымдастықты Саудияны заңбұзушылықтар бойынша есепке алмай отыр деп сынады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG