Accessibility links

Журналист Гонгадзенің өліміне қатысты генерал Пукач ұсталды


Украина билігі бұрынғы полиция генералы 9 жыл бұрын өлтірілген журналист Георгий Гонгадзенің өлімін ұйымдастырды деген күдікпен ұсталғанын хабарлап отыр.

Прокурорлар ішкі істер министрлігінің ішкі бақылау департаментінің басшысы болған Олексей Пукач сейсенбі күні қамауға алынғанын, тергеу жүріп жатқанын айтты.

Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучманы қатты сынап жүрген зерттеуші журналист Георгий Гонгадзе 200 жылдың қыркүйегінде жоғалып кетіп, екі айдан кейін оның басы кесілген мәйіті Киевтің маңындағы орманнан табылған.

2008 жылы Пукачпен бірге жұмыс істеген үш офицер Гонгадзенің өліміне байланысты сотталып, 12 және 13 жылдан түрмеге жабылған.
Ал Пукачтың өзі 2003 жылы қамауға алынып, кейін босатылған екен.
XS
SM
MD
LG