Accessibility links

Пәкістан президентінің есімін әзіл-қалжыңға араластырғандар 14 жылға сотталады


Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари ел азаматтарына өзінің есімін әзіл-қалжыңға араластыруға заң жүзінде тиым салды, — деп хабарлайды The Telegraph. Ал заңға бағынбағандарға 14 жыл түрмеде отыру жазасы бар.

Сайқымазақтарды федералдық тергеу агенттігінің өзі іздеп табатын болады, президенттің есімін SMS және электронды хаттарда пайдаланғандар 14 жылға бас бостандығынан айырылып, мал-мүлкі тәркіленеді.

Британдық басылымдардың мәліметінше, қазір пәкістандықтар бұл заңды қалай айналып өтуге болатындығын Интернетте талқылауда.

Адам құқы үшін күрес ұйымдары мұны өте авторитарлы және қатал жарлық деп атауда, ал Зардаридың жақтастары бұл заңды мемлекеттің жауларымен және терроризммен күрес деп түсіндіруде.
XS
SM
MD
LG