Accessibility links

Математикалық олимпиададан қазақстандық оқушылар 27-орын алды


Германияның Бремен қаласында 9- 22 шілде аралығында өткен математикалық олимпиадада қазақстандық оқушылар 27-орынды иеленді. Елуінші рет өткізілген мерейтойлық олимпиадаға әлемнің 104 елінен 565 оқушы қатысқан.

Алғашқы үш орынды иеленген Қытай оқушылары алты алтын медаль, Ресей оқушылары бес алтын, бір күміс медаль, ал Жапония оқушылары бес алтын, бір қола медаль алған. Олимпиаданың жалпы медаль саны 49 алтын, 98 күміс және 135 қола.

Халықаралық математика олимпиадасы (ММО) 1959 жылдан бері нақты ғылымның осы саласымен шұғылданатын оқушылар үшін жыл сайын өткізіліп келе жатқан шара. Аталған олимпиада келесі жылы Қазақстанда, Астана қаласында өткізілмек.
XS
SM
MD
LG