Accessibility links

KASE Қазақстандағы қаржылық нарығының жайын талқыламақ


Қазақстан қор биржасы (KASE) 4-5 қыркүйек күндері Ыстықкөлдің жағасындағы «Каприз» демалыс орталығында Қазақстанның қаржылық нарығы жөнінде конференция өткізеді, — деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Шараны ұйымдастырушылар конференция аясындағы талқылауға қаржы нарығын дағдарысқа қарсы реттеу, оның әрі қарайғы дамуын қарастыру, листингтік компаниялардың дефолтына биржалар мен инвесторлардың әсері, ағымдағы жағдайда қор нарығына қатысушылардың кәсібилігін дамыту сияқты мәселелерді ұсынбақ.
XS
SM
MD
LG