Accessibility links

Пәкістанда Усама бен Ладеннің ұлын өлтіріп кеткен


Пәкістанда «әл-Қаида» жетекшісі Усама бен Ладеннің ұлы Саадты зымыран соққысымен өлтіріп кеткен, — деп хабарлайды Reuters.

АҚШ бұл оқиғаның нақты қашан болғанын хабарламай отыр. Бір белгілісі, Саад бен Ладен Ираннан қаңтар айында кетіп қалған, онда ол біршама уақыт үйқамақта отырған, біраздан бері оның тұрғылықты жері белгісіз болып келген.

Барлау қызметі өкілдерінің айтуынша, ол соншалық маңызды тұлға емес, оны өлтіруді американдық әскерлер мақсат етпеген, тек «жайсыз уақытта жайсыз орында» болып қалған.

Американдық әскерилер жарты жылдан бері Пәкістанның таулы аймақтарында «Талибан» және «әл-Қаида» әскерлерінің көзін жою үшін снарядтар пайдаланып келеді, өткен жылдың қыркүйек айынан бері осылайша 470 адам өлтірілген.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары АҚШ-ты айыптап, мұндай операция кезінде бейбіт халықтың да құрбан болатынын айтып, Вашингтонды мұндай әрекеттен бас тартуға шақырды.
XS
SM
MD
LG