Accessibility links

Исландия ЕуроОдаққа қосылуға өтініш берді


Исландия ресми түрде Еуропа Одағына қосылу жөнінде өтініш жасады.

Исландия сыртқы істер министрі өз елінің өтінішін Стокгольмде Еуропа Одағына төрағалықты алып отырған Швеция сыртқы істер министрі Карл Билдтың қолына салтанатты түрде тапсырды.

Исландия парламенті өткен аптада 27 мүше елі бар одаққа қосылуды қолдап дауыс берген.

Бұл елдің ЕуроОдаққа қосылу ұсынысы Исландияның ұлттық валютасы құлдырап, экономикалық дағдарыс күшейген соң болып отыр.
Одаққа мүшелікке ену мәселесін сондай-ақ исландиялықтар референдум арқылы шешу керек.
XS
SM
MD
LG