Accessibility links

Байден: Ауғанстанда шығын көбірек болуы мүмкін


АҚШ вице-президенті Джо Байден Құрама Штаттар, Британия және басқа да НАТО одақтастары Ауғанстандағы қақтығыс ушығып тұрған тұста құрбан болатындар саны өсе түсуі мүмкін екенін біледі деді.

Британияның ақпарат тарататын компаниясы BBC-ге берген сұхбатында Байден Ауғанстанда тамыздың 20-да өтетін президенттік сайлау қарсаңында елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге салынған күш-жігер жағдайды жақсарта алмай отыр деді.

Ол Батысқа төнген терроризмнің тамыры Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында әлі де жайылып жатыр деген Байден сондай-ақ бұл аймақтың әлемдегі героин өндірісі жойылмай отырған қауіпті өңір болып табылатынын айтты.
XS
SM
MD
LG