Accessibility links

Пәкістан тәліптері Суат жазығындағы басшылары аман екенін айтады


Талибан өкілі Пәкістанның Суат жазығындағы өз тобының қолбасшысы жараланды деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Пәкістандық әскерилер өздерінің бұл аймаққа соққысы кезінде Маулана Фазлулла жараланды деген еді, бірақ талибан өкілі Муслим Хан оны теріске шығарып, барлық талибан жетекшілері аман деді.

Пәкістандық күштер Суат жазығындағы талибан жасақтарына қарсы шабуылдан 1800 содыр өлтірілді деп хабарлады.
Басына 615 мың доллар тігілген Фазлулла Суат жазығына ислам шариғатын енгізу науқанына жетекшілік етіп келеді.
XS
SM
MD
LG