Accessibility links

Джо Байден: АҚШ Грузияның тұтастығын қолдайды


АҚШ вице-президенті Джо Байден бейсенбі күні Грузияда президент Михаил Саакашвилимен келіссөздер өткізді.

Ол Саакашвилиге өзінің сапары Грузияға Американың қолдауын таныту тұрғысында болғанын айтқан.

Сонымен қатар парламентте сөз сөйлеген сөзінде вице-президент Джо Байден Құрама Штаттар Грузияның НАТО-ға қосылуын толығымен қолдау танытады дей келе, Вашингтон Грузияның тұтастығын қолдайды, оның жікшіл аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздіктерін мойындамайды деді. Және ел ол Грузия демократиясын дамыту үшін көп нәрсе жасауы тиіс деді.

Ол Грузияға Украинадан кейін келді. Киевтегі кездесулерінде де вице-президент Джо Байден Құрама Штаттар Ресеймен байланысын жақсартса да, Вашингтонның тәуелсіз Украинаға деген ұстанымы өзгермейді деген.
XS
SM
MD
LG