Accessibility links

БҰҰ-ға мүше мемлекет президенттері мен премьер-министрлері Нью-Йоркте бас қосады


БҰҰ-ға мүше мемлекет басшылары мен үкіметтерінің кездесуі 2010 жылы Нью-Йорктегі ұйымның штаб-пәтерінде өтеді, — деп хабарланды БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған резолюцияда.

Мұндай президенттер мен премьер-министрлердің қатысуымен өтетін кең көлемдегі кездесулер бес жыл сайын болып тұрады. 2005 жылғы өткен БҰҰ саммитінде адамзаттың даму мақсатын айқындайтын Мыңжылдық декларациясы қабылданған болатын.

2010 жылғы саммитттің қабылданған резолюцияға сәйкес тақырып аясы мен қаралатын мәселелері осы жылдың соңында белгілі болмақ. Бұл туралы 15 –қыркүйекте өтетін 64- сессияда Пан Ги Мун баяндама жасайды.
XS
SM
MD
LG