Accessibility links

Уильям Бернс: АҚШ Орталық Азия мемлекеттеріне нағыз тәуелсіз ел болу үшін көмектесуі керек


Осылай деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары, АҚШ-тың РФ-ғы бұрынғы елшісі Уильям Бернс. Ол жақында Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан мен Қырғызстанда болып қайтқан.

«Жақында Орталық Азия мемлекеттерінде болып қайттым. Бұл Барак Обама мен Дмитрий Медведев кездескен Мәскеу саммитінің ізін ала болған сапар. Сапарымның бір мақсаты қазір өте маңызды мәселелер үшін күресіп жатқан бұл елдерге тәуелсіздіктің, экономикалық тұрақтылықтың қажеттігін баса көрсету болды», — деді Бернс.

Оның айтуынша, АҚШ Орталық Азия мемлекеттеріне тәуелсіз экономикалық және саяси ел болу үшін көмектесе алады. Сондай-ақ АҚШ бұл елдермен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі.
XS
SM
MD
LG