Accessibility links

«Альянс банк» АҚ бұрынғы басшыларына айып тағылған жоқ


«Альянс банк» АҚ бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр, әлі айып тағылған жоқ, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Осы жылдың маусым айында қаржы полициясы «Альянс банк» АҚ тексерген Бас прокуратура материалдары мен тергеу мәліметтерінің негізінде өзіне сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды және банк қаржысын заңсыз пайдаланды деген дерек бойынша бір өндіріске біріктірілген бірнеше қылмыстық іс қозғады. Іске айыпталушы ретінде тартылған тұлғалар әрі қарайғы тергеу нәтижесінде белгілі болмақ, әзрге банктің бұрынғы басшыларына айып тағылған жоқ», — дейді Бас прокуратура екінші департаментінің бастығы Күзембек Ноғайбеков.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қаржы полициясы Альянс банктің 143 млн доллар қаржысын ысырап ету және 1,1 млрд долларды бухгалтерлік есептен жасыру дерегі бойынша қылмыстық істі тексеруде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG