Бүгін Мьянма оппозициясының жетекшісі Аун Сан Су Чжидің соты жалғасын тапты. Оның адвокаттары Янгон қаласындағы түрмеде өтіп жатқан сот процесінде ақырғы дәлелдерін алға тартады деп күтілген.
Нобель сыйлығының иегері 64 жасар Су Чжи үйқамақ тәртібін бұзды деген айыппен сотқа тартылған. Мамыр айында оның үйіне шақырылмаған американдық қонақ келген соң, Су Чжи қамауға алынған.
Енді ол айыпты деп табылса, 5 жылға түрмеге жабылуы мүмкін. Су Чжи соңғы 13 жылын қамауда өткізді.