Accessibility links

АҚШ пен Ресей келіссөздері жалғаспақ


Ресей мен АҚШ ядролық қаруларын азайту жөніндегі келісімге қатысты келесі келіссөздерін тамыз немесе қыркүйек айында өткізуге келісті. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігі хабарлады. Оның алдында АҚШ өкілі осы аптада Женевада өткен келіссөздерде алғабасушылық болды деп мәлімдеген болатын.

Осы айдың басында АҚШ пен Ресей президенттері ядролық қарулардың санын азайтуға келіскен еді. Екі ел басшылары Стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі келісімді жаңартуды көздеп отыр. 1991 жылы жасалған бұл келісімнің мерзімі желтоқсан айында аяқталады.
XS
SM
MD
LG