Пәкістанның Суат жазығында сәтсіз бейбітшілік келісіміне делдалдық жасаған радикалды тұлға елдің солтүстік-батысындағы Пешауар қаласында қамауға алынды. Үкімет ресмилерінің айтуынша, Суфи Мохаммедке лаңкестікке қатысты айыптар тағылып отыр. Ақпан айындағы әлгі келісімнен кейін Суат жазығы Талибанның бақылауына өткен болатын. Алайда Талибан жауынгерлері көршілес аудандарға көше бастағанда бұл келісім сәтсіздікке ұшырады.
Суфи Мохаммед тыйым салынған бүлікшілер тобының негізін қалаған. Ол сондай-ақ Суат жазығындағы Талибан жетекшісінің қайын атасы боп табылады.
Суфи Мохаммед тыйым салынған бүлікшілер тобының негізін қалаған. Ол сондай-ақ Суат жазығындағы Талибан жетекшісінің қайын атасы боп табылады.