Accessibility links

Франция президенті ауруханада жатыр


Франция президенті Николя Саркози Париждегі әскери госпитальдің кардиологиялық бөлімінде жатыр. Бүгін Парижде өтетін экономикалық келісімге қол қою салтанатында оның орнына премьер-министр Франсуа Фийон қатысады.

Қала сыртындағы резиденциясындағы жүгіріс кезінде Николя Саркозидің жағдайы күрт нашарлап кеткен, тікұшақпен госпитальға жеткізілген президенттің жүрегінің соғу ырғағы бұзылған.

Франсуа Миттеранның кезінен бастап Елийсей сарайы француз халқын жүйелі түрде ел президентінің жай-күйінен еш нәрсені жасырмай хабардар қылып тұруға міндеттелген. 54 жастағы Франция президенті Николя Саркози спортпен айналысады — жүгіреді және велосипедпен жүреді. Соңғы рет ол 2007 жылы тамақ баспасымен ауруханаға түскен.
XS
SM
MD
LG