Accessibility links

Ұшақ апатынан қаза тапқандардың денелері елге әкелуге дайындалуда


Ирандағы Қазақстан елшілігінің хабарлауынша, ұшақ апатынан қаза болған қазақстандықтардың денесін елге әкелуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

24-шілде күні Теһраннан Иранға аттанған №1525 рейсті Aria Airlines авиакомпаниясы ұшағының ішінде 153 адам болған. «Дета аир» авиакомпаниясына тиесілі бұл ұшақ Иранда лизингтік негізде жұмыс істеген.

Қазір апат орнында Қазақстан елшілігі мен Горган қаласындағы Бас консульдықтың және «Дета аир» авиакомпаниясының қызметкерлері жұмыс істеуде.

Қаза болғандардың мәйіттері сот –медициналық сараптама жұмыстары аяқталғаннан кейін тасымалдауға дайындау үшін қалалық мәйітханаға берілген. Бүгін қаза болғандардың кім екендерін анықтау мен соттың куәландыруы болады. Жақын уақытта марқұмдардың денелері әуе жолымен елге әкелінбек, ол жұмыстарды қазақстандық авиакомпания ұйымдастыруда.
XS
SM
MD
LG